Алматыдағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы шектеледі

17.09.2024 00:10

Шектеулер 2024 жылдың 17 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығына енгізіледі

elements.envato.com

Алматыда құбырларды жүргізуге байланысты Бекмаханов көшесі бойынша көлік қозғалысының бір жолағы жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жұмыстарының басталуына байланысты Бекмаханов көшесінің бір жолағы жабылады. Бұл учаскеде шығыс бағытта кері қозғалыс болады.  

Шектеулер 2024 жылдың 17 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығына енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде көре аласыз. 

Оқи отырыңыз: Халық қатысатын бюджет: қыркүйекте қанша жоба ұсынылды