|
27.06.2022 | 19:12
7167

Алматыдағы Сайран көліне батып кете жаздаған адам дер кезінде құтқарылды

18 жастағы ер адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілген

Алматыдағы Сайран көліне батып кете жаздаған адам дер кезінде құтқарылды Almaty.tv

Алматыдағы Сайран көліне батып кете жаздаған бір адамды төтеншеліктер дер кезінде құтқарып қалды, деп хабарлайды  тілшісі.

18 жастағы ер адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілген. Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын елемейтіндер азаймай тұр дейді. Әсіресе ішімдікке сылқия тойып, суға секіретіндерді тыю қиын екен. Шомылу маусымында неден сақ болу керек? Тәртіпке бағынбағандарға қандай жаза қолданылады?

«Мас күйінде суға кіріп шомылғандар анықталды. Нақтырақ айтқанда ішімдік ішу фактісі. Соның кесірінен көптеген тұрғындар суға астына кетіп жатыр. Қазір сол кісілерге әкімшілік кодекстің 440-бабына сай жаза қолданылды, шара қолданылды», – деді  Әуезов аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Алмас Мәтеев.

Ішімдік ішіп суға түсетіндерге 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 15 мың теңге айыппұл қарастырылған, Ал тыйым салынған жерге суға түссе, алдымен ескерту беріледі. Қайталанса, кінәлі адам 2 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл арқалайды.

«Біріншіден, жағалау бойында үлкен кісілер алкогольдік ішімдік ішіп суға түседі. Екіншіден, суға түсуге арналмаған жерді таңдайды. Күнделікті айтылады, бірақ азаматтарымыз тыңдамау фактілері тіркеліп жатыр», – деді Әуезов аудандық тжб аға инженері Асхат Әмірбеков.

Демалушыларға қауіпсіздік туралы күнде үгіт-насихат жасаймыз деген құтқарушылар арнайы нұсқаулықтар таратты. Сайран көлінде соңғы 4 жылда 11 адам суға батқан. Оның екеуі - бала. Биылғы шомылу маусымында суға бату фактісі бүгін тіркеліпті. Абырой болғанда төтеншеліктер 18 жастағы ер адамды ажалдан арашалап қалған.

Назкен Еркін, Ялкунжан Әшімжанова «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир