Елордадағы «Қазақмыс» ғимаратынан өрт шықты
Казинформ
Қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақмыс» ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз мәліметінше, өрт бүгін, яғни 21 қыркүйек күні сағат 18-33 минутта Тұран даңғылы 37/10 мекенжайынан шыққан.
«ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамының 44 адамы мен 11 техникасы жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры және қаптауы жанып жатыр. Шақырту орнына өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін дереу жетті», - делінген ТЖД хабарламасында.
Қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53