Шымкентте құрылысшы тоғызыншы қабаттан құлап, аман қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыс жағдай бүгін сағат 12:00 шамасында қаладағы Байтұрсынов көшесіндегі құрылыс алаңдарының бірінде болған. Сол жерде жұмыс істеген азамат тоғызыншы қабаттан құлаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен жігіттің миы шайқалып, сүйегі сынған.
«Сағат 12:52-де шақырту келіп түсті. Тоғызыншы қабаттан жетінші қабатқа құлаған. Науқас жабық бас ми жарақатын алған, бас миы шайқалған, оң жақ бұғанасы сынған және бүйрегі соғылған», – деді №1 қалалық клиникалық ауруханасының жедел жердем қызметкері Карима Жантасова.