|
23.04.2020 | 19:22
2353

Ауруханадан қашуды жоспарлаған тараздық тұрғын ажал құшты

Одан алынған COVID-19-ға талдау теріс нәтиже бергені де анықталды

Ауруханадан қашуды жоспарлаған тараздық тұрғын ажал құшты Almaty.tv

Ауруханадан қашуды жоспарлаған тараздық тұрғын ажал құшты, деп хабарлайды Almaty.tv.

42 жастағы ер адамды мамандар 21 сәуір күні Ауыл-Береке базары маңынан, жоғары температурамен COVID-19 індетіне күдікті ретінде анықтаған. Артынша тұрғынды провизорлық стационарға жатқызған. Дегенмен өзін агрессивті ұстаған ер адам 1 күн өткен соң мекемеден қашып кетуге тырысқан.

Данияр Нысабаев, қалалық Полиция басқармасы басшысының тергеу-ісі жөніндегі орынбасары:

– Ол азамат өзі екінші қабаттың терезесін ашу арқылы, екінші қабаттан козырекқа шыққан. Сол козыректан асфальталған жолдың үстіне құлап, дене жарақатына байланысты қайтыс болған.  

– Өздігінен құлағанын қалай анықтап отырсыздар?  

– Біз тікелей ол жерде стационарлық ғимаратта бейнекамералар орнатылған. Сол бейнекамераларды анықтап тексеру барысында, сол азаматтың екінші қабаттан құлағандығы белгіленген.

Анықталғандай, бұрын сотты болған азамат, 2013 жылдан 2015 жылға дейін «созылмалы алкоголизм» диагнозымен наркологиялық есепте тұрған. Одан алынған COVID-19-ға талдау теріс нәтиже бергені де анықталды. Қазіргі таңда өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир