|
20.03.2024 | 19:44
1677

Жантүршігерлік автобус апаты: сотта куәгерлерден жауап алынды

Автобус жүргізушісін жолаушы жұдырықтап, жүгенсіз көлік аялдамадағы үш адамды қағып кеткен

Жантүршігерлік автобус апаты: сотта куәгерлерден жауап алынды Almaty.tv

Алматыда 3 адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік апатына қатысты сот ісі жүріп жатыр. Бүгінгі отырыста судья қайғылы оқиға болған күні көліктері автобустың соққысына ұшыраған куәгерлерден жауап алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Даулы іске қатысты 32 жастағы жолаушы Дархан Ахметжанов айыпталушы болып танылып, «бұзақылық» бабымен тергеліп жатыр. Алайда марқұм азаматтың жұбайы бұл істе қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізушіні де жауапқа тарту керек деп санайды.

– Мен жолға шығып тұрғанда, соққының дыбысын естідім. Ештеңе көрмедім, қоғамдық көлік әрі қарай жүріп, микроавтобусты ұрды. Микроавтобус соққыдан кейін менің көлігіме қарай жүрді. Ал менің оң жағымда тағы бір Mitsubishi тұрды. Менің көлігімнің алдыңғы қанатын іліп кетті. Автобус тоқтаған жоқ, содан кейін ол адамдарды қағып, 20 метрден кейін тоқтады. Көлікте өзім, жұбайым және балам болды, – деді куәгер.

Еске сала кетейік, сұмдық оқиға былтыр желтоқсанда болған. Автобус жүргізушісін жолаушы жұдырықтап, жүгенсіз көлік аялдамадағы үш адамды қағып кеткен. Бүгін екінші сот өтті. Отырыс кезінде бірнеше куәгер өз айғағын жіпке тізіп шықты. Келесі тыңдалым 26 наурызда өтеді.

Оқи отырыңыз: Самат Әбіш пробациялық бақылауға алынды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир