Алматыда 9 жастағы бала Фурманов шыңына шығамын деп биіктен құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
20 қыркүйекте түскі 14.00 шамасында 109 құтқару қызметіне көмек қажет деген хабар келіп түскен. Оқиға орнына жедел апаттық құтқару бөлімінің мамандары және Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері аттанды. Жолдың ортасына дейін көлікпен жеткен топ ары қарай тау басына жаяу көтерілген. Абырой болғанда, бала тез табылып, алғашқы медициналық көмек дер кезінде көрсетілді. Белгілі болғандай, оның оң қолы сынған. Құтқару тобы баланы жедел жәрдем көлігіне дейін эвакуациялап, кейін ауруханаға жеткізді.