Азық-түлік сататын нысандардың тазалығы тексерілді. Наурызбай ауданы әкімдігі жанынан құрылған арнайы штаттық топ қаладағы азық-түлік дүкендері мен ірі базарлардың инфекцияға қарсы жасалып жатқан жұмыстарын қадағалау мақсатында рейд жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Топ құрамында тәртіп сақшылары, тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті және еріктілер бар. Арнайы топ шағын дүкендердің бірін тексеруден бастады. Мұнда санитарлық нормалар атымен сақталмаған. Тамақ беттері ашық, тұтынушыларға арналған антисептиктер жоқ. Еріктілер дүкен иесіне 1 күн бұрын ескерту жасапты. Бірақ сонда да орындамаған.
ШУМ:
– Сіздерге түсіндіріп айтты ма, 19 бері карантин, қолғап болуы керек, оны біздің көзімізше киіп алдыңыз. Тұтынушыларға арналған антисептик те жоқ. Тазалық жұмысы жоқ. Осындай жұмысты неге тұрақты жүргізбейсіздер?
Бұдан әрі рейд жұмысы әмбебап базарларды тексерумен жалғасты. Ауданда мұндай екі үлкен базар бар. Соның бірі – Таусамалы базары. Дәл қазір мұндағы бірнеше сату орындары карантинге орай жабылған. Тек азық-түлік сатушылары ғана жұмыс істеп тұр. Базарға кірген сәттен бастап, ішіне дейін антисептиктер қойылған. Сатушылардың бәрі маска және медициналық қолғаппен тұтынушыларға қызмет көрсетіп жатыр. Санитарлық нормалар да сақтаулы.
«Сонымен қатар, әлеуметтік бағаны бақылау үшін жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобымен күнделікті ауданда орналасқан кәсіпкерлік нысандарға, дүкендерге шығып, тауар бағасын қадағалау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бізде тек бізде дүкендер ғана емес, екі үлкен базар бар, оны да тексеріп тұрамыз», – деді Наурызбай аудандық кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Ерлан ЗАУЫРБЕКОВ.
Тәртіп сақшылары санитарлық талаптарды сақтамаған дүкен иелеріне әкімшілік хаттама толтырды. Айыппұл көлемі – 25 мың теңге. Оны төлеуден жалтарғандар 15 тәулікке дейін қамауға алынады.
Наурызбай ауданы қарасты шамамен осындай 220 азық-түлік дүкен бар. Дүкен әкімшіліктерімен осындай түсіндіру жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Рейд нәтижесінде сақтық шараларын сақтаған азық-түліктер үкені аз. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің баға тұрақтылығы да басты назарда.
Ұлағат Арғынұлы, «Алматы» арнасы