Алматыда ірі сауда орталығы жанынан шыққан өрт сөндірілді
Фото Tengrinews.kz/Ернар Алмабеков
Өрт құрылыс панельдерін өндіру және қалыптау цехынан шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда «ADK» сауда орталығы маңында орналасқан кәсіпорын аумағындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұған дейін қалалық Төтенше жағдайлар департаменті алдын ала болжам бойынша өрт сауда орталығының шатырынан шыққанын хабарлаған болатын. Алайда, кейінірек департамент басшысы Серік Әубәкіров өрттің «ADK» сауда орталығы ғимаратының артында орналасқан кәсіпорын аумағында болғанын түсіндірді.
«Нақтыланған ақпарат: Өрт « ADK» сауда үйінің маңында орналасқан құрылыс панельдерін өндіру және қалыптау цехынан шықты. Онда сыйымдылығы бір тонна және 150 литрлік екі цистернадағы гидравликалық май жанған. Өрт толықтай 19:45-те сөндірілді», - деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52