Алматы облысында жар опырылып, 2 үйді басып қалды

 Almaty.tv
Almaty.tv
Бесағашта баспанасы биікте орналасқан 500 ге жуық отбасы бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысының Бесағаш ауылында жар опырылып, 2 үйді басып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бақыт Оңтайқызы бағына орай бүгін жатын бөлмеге кірмепті. Оның айтуынша, топырақ көшкен кезде басқа жақта жүрген.

«Үйде екінші қабатында немерем ұйықтап жатқан, оянбапты», – деді зардап шегуші Бақыт Оңтайқызы.

Бесағашта баспанасы биікте орналасқан 500 ге жуық отбасы бар. Ауыл әкімінің айтуынша, олардың кейбіріне алдын ала тіреуіш цемент құйылған. Бүгінгі жағдайда да сол бетон бағаналар көмегін тигізуі тиіс. Дегенмен тұрғындар қорқынышын жасырмады.  

«Гүр етіп құлады. Қорқамыз. 1,5 жыл болды осы жерде тұрып жатырмыз. Басында жерді неге береді деп соған қиналып отырмын. Мұндай жерде болғасын жерді бермеу керек еді», – деді Бесағаш ауылының тұрғыны Асқарбек Сыздықов.

Топырақтың көшуіне еріген қардың суы себеп болуы мүмкін деп болжайды. Бірақ қауіп әлі сейілген жоқ.

«Бірінші кезекте халықты көшіру керек. Қауіпті аймақты айналдыра белгі қоямыз. Төтеншеліктер жұмысына кедергі болмау керекпіз. Оқиға кез келген сәтте қайталануы мүмкін. Шаруа қожалықтарының жері ғой. Осы мәселе үшін қанша ауыл әкімі сотталды. Олар жердің мақсатын ауысырып, бөліп сатып келген. Екі жылдан бері тоқтатылды», – деді Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков.

Топырақ көшкен аумақта мамандар басқа да опырылып тұрған жерін де байқаған. Қауіптің алдын алу жұмыстарына кірісіп кетті.

Әлібек Шынтемір, Сағындық Нарықов, Мұратбек Алмасхан «Алматы» телеарансы

Новости партнеров