Мекеме басшылығы, қызметкерлеріне мерзімі өткен дәрі-дәрмекті пайдалануға мәжбүрлейді. Осылай деген орталық медбикесінің видеосы әлеуметтік желіде желдей есті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл Тараз қаласындағы бейімдеу орталығының қызметкері – Халифа Бүркітбаева. Дәп осы мекемеде қызмет еткеніне 5 жылға жуықтаған. Осы уақыт аралығында орталық басшылығынан медбикелер тарапына ұдайы қысым көрсетілгенін жеткізді. Әлеуметті желідегі бейнені де әлімжеттік шегіне жеткен соң амалсыз түсіргенін айтады. Айтуынша, осында қызмет еткен уақытта аға медбике, мерзімі өткен дәрілерді салуды бұйырып отырған. Сонымен қатар, емдік құрылғылардың да санитарлық талапқа мүлдем сай еместігін айтып отыр.
- Мерзімі өтіп кеткен дәрілерді салып жатқаны, солардың бәрі қайталанып жатқан соң мен шығаруға мәжбүр болдым.
- Қанша дәрінің қандай түрлері?
- Оның бәрін жатқа айта алмаймыз. Тіркелген бір журнал бар еді, сол журналды таппай қалдық Сонда бәрі де бар еді. Құжаты жоқ адамдардың сараптамалары тапсырылсын дедім, себебі соңғы 2 жыл 3-жылға кетіп бара жатыр, біз СПИД-ке, тері ауруларына қарсы анализ тапсырмаған адамдармен жұмыс жасап жатырмыз.
Халық арасында қызу тақыға түскен жағымсыз жағдайдың жауабын білу үшін, сауалды мекеме басшылығына жолдадық. Ал, аға медбике жуықта ғана жұмыстан шығарылған болып шықты. Ал, орталық басшысы, болған жайды жоққа шығарып отыр.
«Мұндай дәрілер біздің мекемеде қолданылады. Бірақ нақты мерзімі өткен дәрілерді қолдану тіркелген емес. Немесе ол қораптарды үйінен әкелуі де мүмкін. Біз білмейміз. Тексеріс тобы да теріс ешнәрсе анықтаған жоқ», - деді орталық басшысы Гаухар СЕЙТКАЗИЕВА.
Шу шыққан мекемені тексеру үшін, әкімдік пен орталық бағынатын жұмыспен қамту бөлімінен арнайы топ құрылған. Болған жайды 5 күннен кейін тексерген 5 адамдық тексеріс тобы да заң бұзушылық таппапты.
Мекені жоқтар мекеніндегі мәселені жоққа шығарған тексеру тобы, жалған ақпар таратты деген қызметкеріне алдағы уақытта қысымның болмауын талап еткен. Ал, керісінше кінәсі жоқ делінген мекемедегі аға медбике жұмыстан шығарылып отыр. Түйіні түсініксіз жағдайда шешілген мәселеде, кім кінәліні дәл осы жағдайда жәй адамға болжау қиын болып тұр.
Мерей Бает, Олжас Ерғали, Мейіржан Ерболатов, «Алматы телеарнасы»