|
07.04.2020 | 20:18
1681

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының жедел желісіне 11 мыңнан аса адамнан қоңырау түскен

Мамандардың сөзінше, сұрақтардың басым бөлігі тегін азық-түлік себетін алу болыпты

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының жедел желісіне 11 мыңнан аса адамнан қоңырау түскен Almaty.tv

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының жедел желісіне 11 мыңнан аса адамнан қоңырау түскен. Мамандардың сөзінше, сұрақтардың басым бөлігі тегін азық-түлік себетін алу болыпты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал осы уақытқа дейін 5 жарым мыңнан аса адам оған қол жеткізіп үлгерген. Жалпы күніне 500 шақты себет таратылады. Мұндай көмек жалғызбасты қарттарға, төсектен тұра алмайтын мүгедектер, атаулы әлеуметтік көмек алмайтын көпбалалы аналарға беріледі.

«Алматы қаласының әл ауқат басқармасында 13 нөмірден тұратын колл-центр жұмыс жасап жатыр. Мұнда кез келген уақытта хабарласып, өз сұрақтарыңызды қоюыңызға болады. Бұл колл-центрде бүгінгі күнге дейін 11 мыңнан аса халық өз өтінішін білдірді», – деді  қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат ШИМАШЕВА.

Айта кетейік, Елбасының бастамасымен құрылған "Біз біргеміз" қоғамдық қоры алдағы уақытта 1 миллиардтан астам қаржы аударғалы отыр. Қаражат 1-ші 2-ші топтағы мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі бала бағып отырған ата-аналар және жетімдерге беріледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир