Павлодарда уланған 27 жастағы азамат көз жұмды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ал оның ата-анасы ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда жеке тұрғын үйлердің бірінде пештен ақау шығып, 27 жастағы азамат көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Уланғандардың ішінде оның ата-анасы да бар. Қайғылы оқиға туралы ақпарды ең әуелі қайтыс болған азаматтың әріптесі біліпті. Ол қызметкердің жұмысқа келмегеніне алаңдап, полицияға хабарласқан.

– Павлодар қаласы Атамекен кентінің тұрғын үйінде 3 адамның ес-түссіз күйде табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына келген жедел жәрдем бригадасы 1996 жылы туған ер адамның мәйітін анықтады. Сонымен қатар осы мекенжайдан ауыр жағдайда 1965 жылғы ер адам 1972 жылғы әйел адам қалалық ауруханаға жатқызылды, – деді ТЖД басқармасы бастығының орынбасары Оразбек Уәлиханов.

Иіс тиіп уланған қос азаматтың өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ. Олар ауруханаға ауыр халде жеткізілгенімен, дәрігерлер жұмысының нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алған.

Айта кетейік, жылыту маусымы басталғалы бері Павлодар облысында көмірқышқыл газынан уланып 3 адам көз жұмды.

– Қазір науқастар палатаға ауыстырылды. Олардың жағдайы тұрақты, ауырлық деңгейі – орташа. Барынша емдеу шараларын жүргізіп жатырмыз, – деді №1 аурухананың бөлім меңгерушісі Гүлжан Темірбек.    

Оқи отырыңыз: Желге ұшқан ақша: Байзақ ауданы тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Новости партнеров