Қорғаста $1,5 миллионның контрабандалық тауары тәркіленді

Tengrinews.kz
Tengrinews.kz
Контрабандалық тауарлар кедендік темір жол бекетінде тұрған 5 вагон мен 14 контейнерді тексеру кезінде анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қорғас» кеден бекетінде кәсіпкерлер 1,5 миллион доллардың тауарын заңсыз алып өтпек болған деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Алтынкөл» кеден бекеті баспасөз қызметінің ақпаратынша, контрабандалық тауарлар кедендік темір жол бекетінде тұрған 5 вагон мен 14 контейнерді тексеру кезінде анықталған. Нақты құны 1 млн 549 мың долларға бағаланған тауарлар құжаттық декларацияда мүлдем көрсетілмеген.

Контрабандалық тауарлардың ішінде қазақстан аумағына әкелуге мүлдем тыйым салынған заттарда шыққан. Ұлттық валютамен есептегенде құны 585,4 миллион теңге тұратын тауарлар қазақстандық үш компанияға тиесілі екені анықталды.

«Тәркіленген тауарлардың салмағы 300 тоннадан асып кеткен. Мемлекетке кедендік салық ретінде төленбеген шығын 142 миллион 78 мың теңгеге жетті. Аталған іске қатысты Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті тергеу қызметі "экономикалық контрабанда" бойынша қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр», - деді «Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы Бекен Нұрахметов.

Новости партнеров