Алматыдағы дезинфекция жұмыстары базарларда да жүргізіліп жатыр
www.voxpopuli.kz
Тұтынушылардың қауіпсіздігі үшін барлық базардағы дезинфекция жұмыстары тек түнгі уақытта жасалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдағы күшейтілген дезинфекция жұмыстары базарларда да жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Онда адам көп келіп кететіндіктен әр есік, терезе мен сөрелер арнайы қоспамен тыңғылықты тазалануда. Атап айтқанда, бір ғана "Барыс 4" базарының аумағы 1200 шаршы метрді құрайды. Шаһардағы көтерме сауда орны болғандықтан, күніне мұнда мыңдаған тұтынушы келеді.
Базар әкімшілігі өкілдерінің сөзінше, жоспарлы дезинфекциядан бөлек мұнда аптасына екі рет тазалық жұмыстары жүріп тұрады екен. Айта кету керек, тұтынушылардың қауіпсіздігі үшін барлық базардағы дезинфекция жұмыстары тек түнгі уақытта жасалады. Мұндай залалсыздандыру жұмыстары шаһардағы барлық базарларда жүргізілетін болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41