|
03.08.2020 | 22:00
4815

Рейд: Алматының Бостандық ауданында карантин ережесін бұзған 4 кафе мен 1 компьютер орталығы анықталды

Ойын-сауық мекемелері, алкогольді сусындар мен тыйым салынған қор-қор

Рейд: Алматының Бостандық ауданында карантин ережесін бұзған 4 кафе мен 1 компьютер орталығы анықталды Аlmaty.tv

Шектеуге қарамастан жұмысын тоқтатпайтын ойын-сауық мекемелері, алкогольді сусындар мен тыйым салынған қор-қор. Алматыда қоғамдық орындар карантин талаптарын қаншалықты сақтауда? Демалыс күндері Бостандық ауданында жүргізілген түнгі тексеру нәтижиесінде карантин ережесін бұзған 4 кафе мен 1 компьютер орталығы анықталды. Заңға бағынбаған шағын бизнес өкілдері мен онда келушілерге қандай жаза қолданылмақ? Оны Almaty.tv тілшісі Аяулым Көлжігіт толығырақ тарқатады.

Шаһар аумағында енгізілген карантиннің қатаң талаптарының орындалу тәртібін бақылау мақсатында құзырлы ұйым өкілдері Бостандық ауданындағы бірнеше қоғамдық орындарды аралады. Алғаш бас сұққан «Павлин-Мавлин» шағын тамақтану орны шектелген уақытқа мән бермегенінен бөлек, келушілердің дене қызуын өлшемеген, бетперде тағуды да ескертпеген.    

БЛИЦ:

– Мен не айтуым керек?

– Қоғамдық орындар 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

– Бізге ескерту жасамады.

Тіпті, тәртіп сақшыларын байқаған қонақтар тапсырыс берген тағамдарын тастай сала, қайта бастады. Келесі мекеме де дәл осылай, шектеулі уақытқа қарамастан жайбарақат жұмысын жалғастырған, келушілер арасы жақын және аспаз ешқандай қорғаныш құралдарынсыз ас дайындаған.  

Тексеріс кезінде меймандарды ғимараттың ішінде де қабылдағаны анықталды. Мониторинг тобы 2-қабатта жайылған бірнеше үстелді байқағанда, даяшылар жарықты сөндіріп үлгеріпті. Тек, шағын кәсіптің иесі сасқанынан онда қызметкерлер тамақтанғанын айтып, ақталды.  

Ал, келесі мекеме тексеріс тобын музыканың жаңғырған дауысымен елең етті. Карантин талаптарына қарамастан келушілер ғимараттың ішінде толып отыр. Енді қыза бастаған кеште темекі өнімдері, қор-қор мен алкагольді сусындар да қолданылғаны анықталды.  

Бостандық ауданындағы тамақтану орындарының бірі түнгі сағат с 11 минут кетсе де, жұмысын тоқтатпаған. Мұнда келуші қонақтардың ешқайсысында медициналық бетперде жоқ және үстелдер арасында ешқандай арақашықтық сақталмаған. Біздің түсірілім топ келген кезде, барлығы орындарынан тұрып асыға кете бастады.

Айтарлықтай заңбұзушылықтарды анықтаған санитар мамандар мекеме иелеріне хаттамалар толтырды. Сондай-ақ, рейдттік топ карантин талаптарына бағынбаған аудандағы тағы бір көңіл көтеру орнын тексеріп, онда келушілерге де қатаң жаза тағайындады.

Кезекті тексеріс барысында Бостандық ауданында уақытылы жұмысын тоқтатпаған тағы караоке клубы анықталды. Түнгі сағат 39 минут кетсе де, мұнда келушілердің кететін ойы жоқ. Тіпті, есікті жауып алған. Біздің телеарна түсірілім тобына есікті ашар емес. Ашасыз ба?

«Бірқатар ескертулер жасалды. Бірақ тек ескертумен шектеліп қоймайды. Себебі біз тексеріп кіргенде мына үстелде бес-алты адамнан жиылған топ отырды. Олар мерекелік кеш өткізу үшін өзге қонақтарды күтіп отыр екен. Шамасы, мұнда үлкен топ жиылып жатқан көрінеді. Міне, өздеріңіз куәсіздер», – деді Бостандық ауданы Кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Абзал Әлімқұлов.

Тексеру барысында тәртіп сақшыларына рұқсатсыз жұмыс жасап жатқан компьютер клубы туралы хабарлама келіп түсті. Бірден мекемеге келе сала, заң бұзушылар жергілікті полиция басқармасына жөнелтілді. Ал, иесіне айыппұл салынды.  

Тескеру қорытындысы бойынша карантин талабына бағынбаған шағын бизнес иелері Қазақстан Респубикасы заңнамасының 425-бабының 1-тармағы бойынша 230 айлық есептік көрсеткіш, яғни 6 жүз мың теңге көлемінде айыппұлды өтеуі қажет. Одан өзге, мекеме қызметкерлері мен келушілерге де 30 айлық есептік көрсеткіш әкімшілік айыппұл салынды.

«5 мекеме карантиннің қатаң шараларын бұзды. Ол бізде 22.00-ден кейінгі жұмыс істемеуі керек болатын. Алайда ол мекемелер бұл ережеге бағынбай жұмыс істеп қонақтарды қабылдады. Сонымен қатар, олар қонақтарды ғимараттың ішінде қабылдады. Негізінде ереже бойынша далада қабылдауы керек еді. Ережелерді бұзғанына байланысты кәсіпкерлерге әкімшілік айыппұл тағайындалған болатын», – деді Бостандық ауданы санитарлық эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Әбілқасым Елепберген.

Айта кетелік, карантин ережелерін бұзған әрбір заңды немесе жеке тұлға 1 апта ішінде айыппұлды өтеген жағдайда 50 пайыз жеңілдік жасалады. Десе де арқаны кеңге салар уақыт жеткен жоқ. Қоғамның саулығы әрбір азаматтың қолында екенін ұмытпаған жөн дейді мамандар

Аяулым Көлжігіт, Медет Саматұлы, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир