Алматыда 19 жасар қыз іздестіріліп жатыр
Егер Аяжан туралы қандай да бір ақпарат болса, туыстарына хабарласыңыздар +7471444110 (Алтынай)
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жоғалып кеткен 19 жасар қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қыздың жоғалғаны туралы хабарландырулар әлеуметтік желілерде пайда болды. Туыстарының айтуынша, 2001 жылы туған Еділова Аяжан 19 наурыз күні сағат 20:43-те Қонаев көшесі 43 мекен-жайы бойынша жұмыстан шығып кеткен және үйге оралмаған. Бақылау камерасы қызды соңғы рет оның жұмыстан шыққан кезде түсірген.
«Ол қара куртка, кең қара джинсы, қара берет киген, қызғылт сөмке ұстаған», - дейді жоғалған қыздың туыстары.⠀
Жоғалған қыздың туыстары тұрғындардан ақпаратты әлеуметтік желілерде бөлісіп, табуға көмектесуін сұрайды.
Егер Аяжан туралы қандай да бір ақпарат болса, туыстарына хабарласыңыздар +7471444110 (Алтынай)
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
17.11.2026 17:40
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
18.11.2026 12:55
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
18.11.2026 08:13
Қысқы жолда қандай шинамен жүрген дұрыс
17.11.2026 09:40