Aлабайдың әлегі: Мәдинаға ота жасаған дәрігерлер бетіндегі жібін алды
Almaty.tv
Анасының айтуынша, қыздың денсаулығы оңалып келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ойнап жүріп, алабайға таланған 7 жасар Мәдинаға ота жасаған дәрігерлер бетіндегі жібін алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазір қыздың, анасының айтуынша, денсаулығы оңалып келеді. Алайда жарасы толық жазылмайынша дәрігерлердің жіті бақылауында болмақ. Баламен психологтар жұмыс істеп жатыр. Еске салсақ, оқиға Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылында болған.
«Лайықты жазасын алсын. Мен кешірмеймін. Екі дүниеде де кешірмеймін. Менің балапанымды шырылдатып жылатқаны үшін кешіре алмаймын. Кешірім бере алмаймын. Прокуратураға да жаздым. Бәрін әділетті шешеміз деп айтты», – деді Мадинаның анасы Жансая Тұрсын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32