Семейді су басу қаупі төніп тұр

Семейді су басу қаупі төніп тұр
Кеше кешқұрым Полковничий аралындағы үйлердің ауласына су кірген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің Төтенше жағдайлар комитеті осындай ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Белгілі болғаны, Ертіс өзеніндегі су деңгейі төмендеген. Бүгінгі таңда 10 сантиметрге азайып, 445-ті құрап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Айта кетейін, Восточный, Мирный ауылдары мен Полковничий аралындағы тұрғын үйлерді су басу қаупі болған. Мәселен, кеше кешқұрым Полковничий аралындағы үй аулаларына су кірген. Аталған үйдің 8 тұрғыны, оның ішінде 3 бала эвакуацияланған. Төтеншеліктер су деңгейінің көтерілуіне төменгі мұздың жиналуы себеп болғанын айтады.

«Ауа температурасы жоғарылап, Ертіс өзеніндегі су өтетін жерде мұз жиналған. Салдарынан су деңгейі көтеріле бастады. Қазіргі таңда Ертістегі су деңгейі төмендеуде. Жағдай жіті бақылауға алынды»,  - деді ҚР ІІМ ТЖК комитеті төрағасының орынбасары Барат ДҰЗАҚБАЕВ.

Барат Дұзақбаевтың сөзінше, су басу қаупі сейілгенімен, төтеншеліктер кез келген оқыс жағдайға сақадай сай. Мәселен, қазір тамақ берудің 6 эвакуациялық бекеті ұйымдастырылып отыр. Бұл -«Семей» қонақжайы мен қала ішіндегі пункттер.

«Полковничий деген аралдағы 32 үйде 134 адам тұрады. Мирный деген жерде 30 үйде 150 адам бар. Содан кейін Пристань деген жерде 80 үйден 134 кісі бар. Біз оның бәрін түгендеп, дайындап қойдық. Ол кісілер қиын жағдайда не істеу керектігін  біледі», - деді ҚР ІІМ ТЖК комитеті төрағасының орынбасары Барат ДҰЗАҚБАЕВ.

Новости партнеров