Жантүршігерлік апат: Алатау күрежолында екі жасар қызбен оның анасын көлік қағып, мерт болды

Almaty.tv
Almaty.tv
Мерседес автокөлігімен адам қаққан азамат ұсталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Бір үйде 2 бірдей қаза». Алматы облысы Тұздыбастау ауылының жолында жиырма сегіз жастағы азаматша мен оның екі жастағы қызын көлік қағып мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жұмысына асығып шыққан марқұмды қарсы бағытқа шаққан мерседес көлігі жаншып өткен. Ал артынша ауыл жұрты жолды бөгеп тастады. Себебі адам қағу фактісі бұл ғана емес. Тұрғындар жылдамдықты шектейтін белгі сұрап, жергілікті билікке талай барған.

Тұздыбастаудағы тас жолға тұрғындардың талабы көп, арызын айтқандарына да талай жыл болған. Алайда әлі тәртіп орнамаған.  

«Екеуі таңғысын жұмысқа шыққан баласын көтеріп екі жастағы. Алдындағы көліктен озбақ болған жүргізуші соғып, ұшырып жіберген. Екеуі де көз жұмды», – деді Тұздыбастау ауылының тұрғыны Баян Жұмағамбетова.

Куәгерлердің айтуынша, такси ұстап тұрған азаматшаны көлік қағып, ұшырып жіберген. Ырыққа көнбеген мерседес көлігі аударылып барып әзер тоқтаған. Қазір оқиға орынында тергеу жүріп жатыр.

Зәресі қалмаған жұрт жергілікті биліктің табалдырығын тоздырған.  Ол аздай баламыз бес шақырым жүріп, мектепке барады. Кешке қарай жарық жоқ жолдан өтуге мәжбүр.

«Мүмкін ертеңнен бастап балаларымды сабаққа жібермеймін бе? Білмеймін?  Бүгінгі жағдай есеңгіретіп тастады», – деді Тұздыбастау ауылының тұрғыны Іңкәр Төлегенова.

Ал жергілікті әкімдік аталған көшеге қолдан келгенше жарық орнатқанын алға тартты. Десе де ол жеткіліксіз екенін растайды.

«Бұл жол республикалық маңызы бар жол  «ҚазАвтоЖолға» қарайды. Бұл менің теңгерімімде емес.  Олар келіп өлшеп, бес аялдама қоятын болды. Кедергі болатын жылдамдық бәсеңдеткіш жасалады», – деді Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі Мирас Баймолданов.

Жанайқаймыз жоғарыға жетсін деген жұртшылық облыстық Полцияны да Қазавтожол өкілдерін де сынға алды. Болары болып, бояу сіңгенде ғана келесіңдер деп кінәләді.

«Алматы Алатау тас жолының бойында 4-шақырым 900 метрде жол көлік оқиғасы орын алды. Қасбергенова мен оның жанындағы 2 жасар қызды көлік қағып, екеуі де оқиға орынында көз жұмды», – деді Алматы облысы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұржан Үстеміров.

Ал Республикалық тас жолға жауаптымыз деген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілі жолдың ауыл ішінен өтіп жатқанын ескеру керегін айтты. Демек, ел сұраған ескертулерді қою бір күнде бітетін шаруа емес.  

«Керекті белгілерін саламыз. Оған енді біраз уақыт керек. Өйткені бүгіннен бастап жоспарды құрып, 10 күннің ішінде барлығын орындауға тырысамыз», – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының рынбасары Жасұлан Қалтаев

Мерседес автокөлігімен адам қаққан азамат ұсталған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қазір тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Әлібек Шынтемір, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров