|
25.03.2020 | 21:51
4337

Қазақстан азаматтары Сауд Арабиясы мен Кувейт мемлекетінен эвакуацияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың нұсқауына сəйкес Сауд Арабиясының Джидда қаласында тұрақтаған 33 азамат елімізге сəтті оралды

Қазақстан азаматтары Сауд Арабиясы мен Кувейт мемлекетінен эвакуацияланды Фото: пресс-служба МО РК

Қазақстан азаматтары Сауд Арабиясы мен Кувейт мемлекетінен эвакуацияланды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың нұсқауына сəйкес Сауд Арабиясының Джидда қаласында тұрақтаған 33 азамат елімізге сəтті оралды. Отандастарымыз  коронавирустың таралуына қарсы әрекет ету үшін Сауд Арабиясының билігі шектеу шараларын енгізгеннен кейін елімізге қайтып келе алмаған болатын. Сондай-ақ, Кувейт мемлекетінен 2 қазақстандық елге қайтарылды. Аталмыш эвакуация Қазақстанның әскери көлік авиациясының күшімен ұйымдастырылды.

Елімізге оралған азаматтар тиісті медициналық тексерістен өтіп, инфекциялық бақылау талаптарына сәйкес карантинге жіберіледі. Сонымен қатар, əскери қызметшілердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау қаласының әуежайына келгеннен кейін әскери ұшаққа санитарлық жұмыстар жүргізілді.

Асылбек Тойбек, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир