ШҚО-ға қарасты Белуха тауында ресейлік 2 альпинист турист қайтыс болып, тағы 2 адам құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Апат салдарынан 1992 және 1988 жылы туған 2 адам қайтыс болды. Ресей Федерациясының 1990 жылы туған азаматы зардап шекті, 32 жастағы альпинист аман.
«Жетуі қиын жерлерге ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы жіберілді. Оқиға орнына келген тікұшақ ауада 1 метр биіктікте қалқып тұрды. Құтқарушылар тікұшақтың бортынан түсіп қаза болғандарды шығарды және жарақат алған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті», – деді ведомство өкілдері.
3000 метр биіктікте құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әуе кемесіне бірнеше рейс қажет болған.
ШҚО ТЖД таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:
-
Маршрутқа шығар алдында ТЖ қызметінде тіркелу қажет. Мұнда сіз маршруттың ерекшеліктері, бақылау уақыты және байланыс сигналдары туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыз;
-
Ыңғайлы киім мен аяқ киімді таңдаңыз;
-
Керек заттардың ішінде жылы заттар, ұялы телефон үшін қосымша қуат көздері, шам және от жағуға арналған құралдар болуы керек. Сондай-ақ, GPS навигаторын өзіңізбен бірге өткізген жөн.
Жорықта:
-
Қозғалыс үшін ұзағырақ болса да, ең қауіпсіз маршрутты таңдау керек;
-
Қозғалыс басталар алдында ықтимал қауіптерді мұқият бағалау, ауа-райы жағдайын және кедергілердің ықтималдығын ескеру қажет;
-
Кенеттен болатын жағдайға дайын болу қажет және қауіп кезінде уақтылы сақтық шараларын қабылдау керек;
-
Тек топпен қозғалу керек;
-
Нашар көрінгенде (тұман) немесе тәуліктің қараңғы уақытында өтпеу керек;
-
Қауіпті жартасты жерлерден өтпеңіз. Бос жатқан тастармен беткей мен ойық сақ болыңыз.
Дереккөз: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.