|
Jol
14.05.2020 | 21:09
1176

Алматыда дезинфекция жұмыстарының 15-кезеңі басталды

Мамандар қауіпті дерттің бетіy қайтаруға қандай құрал мен әдістерді қолданады?

Алматыда дезинфекция жұмыстарының 15-кезеңі басталды almaty.tv

Алматыда дезинфекция жұмыстарының 15-кезеңі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Бүгін 130-дан астам арнайы корғаныс костюмін киген маман бірігіп, қаланың 8 ауданын залалсыздандыруға шықты. Оларға 80-нен астам техника көмекке келді. Жалпы қазір қалада қанша індет ошағы бар? Мамандар қауіпті дерттің бетіy қайтаруға қандай құрал мен әдістерді қолданады?

Алматыдағы Ақсай 4 ықшамауданындағы нөмірі 10-үй 3 мамырдан бері карантинге жабылған. Содан бері дезинфекторлар мұнда тазалық жұмыстарын күн сайын жүргізеді. Бүгін де келген дезинфектор 10 минут уақытын жұмсап, 16 литр сұйықтықты шашып шықты.

Әуезов ауданында бас-аяғы 8, ал қала бойынша 36 ауру ошағы  саналатын кіреберіс бар. Жауапты мамандар олардың ешбірін назардан тыс қалдырмайтынын айтады. Ал көп қабатты үйдің тұрғындары оқшауға алынған үйлерге қорықпай кіретін дезинфекторларға дән риза. Олар мамандардың еңбегін ерлікке балайды. Өйткені, халық подьездің карантинге жабылғанын естігенде қорыққандарын жасырмады.

«Әрине, бізді карантинге жапқан кезде  қорқыныш болды. Далаға шығу қиын болды.. Үлкен болғаннан кейін бізге қатты білінбейді. Балаларға қиын болды. Әсіресе  кішкентай балаларға қиын болып жатыр. Қазір күнделікті тазалақ жұмыстары жүріп жатыр», – деді қала тұрғыны Жадыра ИЛМАХУН.

Ал дезинфекция жұмыстарына мамандар тыңғылықты дайындалады. Қажетті құрал-жабдықпен бірге арнайы сұйықтықты алдын-ала әзірлейді. Олар құрамында хлоры бар препаратты суға езіп, қайнатады. Нақтырақ айтсақ, 1 тонна суға 200 таблетка салынады. Кейін арнайы шашырататын құралдарға құйып, мамандар айналаны дезинфекциялайды.

«Сұйықтық шашуға арналған құралдың екі түрі бар. Бірі тұрғын үйді, ал екіншісісі ойын алаңдарын залалсыздардындыруға арналған. Мынау моторлы, қуаты мықты құрылғы. Көлемі де үлкен,  сыйымдылығы 30 литр. Онымен біз көбіне ауланы, ашық кеңістікті тазалаймыз. Ал мынау подьезд ішін дезинфекциялауға өте ыңғайлы. Сыйымдылығы 16 литр. Шамамен 9 қабатқа жетеді», – деді Әуезов ауданы бойынша дезинфекциялау тобының бригадирі Сапар МҰРАТХАН.

Дезинфекциялық өңдеудің 15-кезеңінің  алғашқы күні 2837 үйдің 7922 кіреберісі мен 1311 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 460 адамы бар 64 бригада тартылды.

Жадыра Омаржан, Рәшид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир