|
05.07.2021 | 21:09
2048

Қарағанды облысында төтенше жағдай жарияланды

Өңірде 17 табиғи өрт ошағы тіркелді

Қарағанды облысының аумағында дала өрті өршіп тұр. Өңірде 17 табиғи өрт ошағы тіркелуіне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға орнында тәулік бойы 70 бірлік техника, ТЖД-ның 350-ден астам қызметкері мен еріктілер жұмыс істеп жатыр. Ол туралы олыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Бекбосынов айтты. Оның дерегінше, Қазір Ұлытау ауданының аумағында 2 дала өрті және Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров, Бұқар Жырау, Шет, Нұра аудандары мен Қаражал қаласының аумағында алдын ала жалпы ауданы 378 га 15 дала өрті тіркелген.

«Жергілікті атқарушы орган Жангелдин, Ақтасты және Амангелді а/о аумақтарында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылдады, сондай-ақ залалды бағалау жөніндегі комиссия құрылды. Сондай-ақ Ұлытау аудаданына «МИ-8» тікұшағы жеке құрамды табиғи өрт ошақтарын сөндіру орындарына жедел жеткізу үшін жіберілді. Сонымен қатар, Қарағанды қаласынан 42 адам және 4 бірлік техника (2 вахтовка және комада-штабтық машина жіберілді», – деді Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Бекбосынов.

Жайлаудағы қызыл жалынның салдарынан жүздеген мал басы қырылып қалған. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров Ұлытау ауданына келген. Малы қырылған немесе жайылымы өртенген шаруалардың шығынын есептеу үшін арнайы комиссия құрылды. Сонымен қатар, далада Ұлытау ауданы Қоскөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде 1998 жылы туған ер адамның өртенген денесі табылды. Көз жұмған адам ерікті өрт құрамы қатарында болмаған және дала өрттерін сөндіруге тартылмаған. Оқиғаға қатысты тексеру жүргізілуде, деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир