|
14.10.2019 | 14:27
9322

Шамалған апаты: жедел жәрдем келгенге алғашқы көмек көрсеткен азамат анықталды

Қызды құтқарған азамат Халықаралық Қызыл крест қозғалысының қызметкері екен

Шамалған апаты: жедел жәрдем келгенге алғашқы көмек көрсеткен азамат анықталды

Шамалғандағы апат кезінде жедел-жәрдем келгенше ес-түссіз жатқан қызға алғашқы медициналық көмек көрсеткен Андрей Понамаревке барша Қазақстандықтар алғыс айтуда. Әсіресе қос бүлдіршіннің анасы құтқарушыларына дән риза. Егер Андрей Понамарев болмағанда, бір қызы дәрігерлер келгенше оқиға орнында өліп кетуі мүмкін еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Эльмира Жәнібекова періштесін аман алып қалған адамды табалдырықтан кіргеннен жалап қарсы алды. Айтуынша бұл кісі, отбасының мүшесі болып кеткен. Өйткені, Андрей Понамарев – басқалар видеоға түсіріп, абдырап жүргенде қызына алғашқы көмек көрсеткен жалғыз жан. Сол күні ол апат болған жерде жақын маңда жүрген екен.  

Қызды құтқарған азамат халықаралық Қызыл крест қозғалысының қызметкері екен. Алғашқы көмек көрсету бойынша тәжірибесі бар болып шыққан.  

«Апат болған кезде мен де басқалар секілді кептелісте тұрған едім. Қатты соққының дыбысын естіген соң бірден көліктен далаға шығып, автобус жаққа бардым. Дәл рельстің жанында екі қыз жатыр екен. Маңайында адамдар көп болды. Мен шұғыл көмек көрсетуге кірістім», – деді  бастадым Халықаралық «Қызыл жарты ай Қазақстан» ұйымының қызметкері Андрей ПОНАМАРЁВ.

Андрей Понамарев қыздардың қасында аналарының болғанын айтады. Біреуінің қолы сынған. Ал екіншісі қозғалмай жатты дейді ол.

«Алдымен үнсіз жатқан қызға көмектестім. Шамамен 3-4 жасар болуы керек. Жүрегі соқпай тұрды. Оның үстіне демалмай жатты. Бірден кеудесінен басу арқылы жүрек-өкпеге реанимация жасадым. Жүрегі соға бастағанда, келесі қызға қарай бет алдым. Менің ойымша, кез келген адам алғашқы медициналық көмек көрсете білуі тиіс», – деді  бастадым Халықаралық «Қызыл жарты ай Қазақстан» ұйымының қызметкері Андрей ПОНАМАРЁВ.

«Соққы тиген кезде жүргізушімен бірге терезеден жолдың келесі бетіне ұшып кетіппіз. Барлығы қас қағым сәтте болды. Дәрігерлер келгенше маған ешкім тиіспепті. Қыздарыма алғаш болып көмектескен Андрейге мың алғыс», – деді зардап шегуші Эльмира ЖӘНІБЕКОВА.

Оқиға орнына жедел жәрдем шамамен жарты сағаттан кейін келген. Қазір екі қыз да ауруханада. Кішкентайы комадан шыққанымен, жағдайы әлі де ауыр. Қайғыдан қан жұтқан отбасы өздерінің құтқарушыларына алғыстан басқа айтарымыз жоқ дейді.  

Өмір Әнуарбек, Жанат Айтенова, Нұржан Оразбеков, «Алматы» телеарнасы          

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир