|
16.04.2021 | 23:12
3894

Карантин шараларын өрескел бұзған кәсіпкерлік нысандар анықталды

Кей мейрамханалар жұмысын әлі де тоқтатпай тұр

Карантин шараларын өрескел бұзған кәсіпкерлік нысандар анықталды

Қаладағы эпидахуалдың нашарлауына қарамастан, кей мейрамханалар жұмысын әлі де тоқтатпай тұр. Бостандық ауданында мониторинг тобы түнгі сағат 02.30 шамасында карантин шараларын өрескел  бұзған  кәсіпкерлік нысандарды анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін екі кәсіптік нысанды әшкереледік. Біріншісі – Абай  көшесінде орналасқан «Мята»  мейрамханасы. Онда он шақты қонақ болса, екінші нысан компьютерлік клубты тексергенде жиырмадай  адамның карантин тәртібін өрсекел бұзғандары белгілі болды», – деді Бостандық ауданы мемлекеттік құқық бөлімінің бас маманы Досхан Рахметілдаев.

Жоғарыда аталған мекемелер кешкі онда есігін  жабуы тиіс еді. Бірақ бұл талаптарды орындамайтын нысандар қалада әлі де көп. Әрекеті әшкереленсе де, кәсіпкерлердің айтатын уәждері дайын тұрады.

«Біз қазір «Ашық» қосымшасы бойынша жұмыс жасау үшін құжаттар жинап жатырмыз. Санитарлық талапты бұздық, білемін. Бірақ отбасын асырауымыз керек. Бізде бірнеше оператор жұмыс жасайды. Олар да отбасын асырау керек. Жұмыстан да шығара алмаймын. Бизнестің аты бизнес», – деді компьютерлік клубының басшысы Әлішер Бектеміров.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир