Мұндай мәлеметті, облыстық полиция департаменті беріп отыр. Қос азаматқа байланысты бүгінде Қылмыстық кодекстің 247-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Соңғы екі күн ішінде облыста коронавирус індетінің тарағаны туралы жалған ақпарат таратудың екі дерегі тіркелді. Елдің ішінде бүлік салған күдіктілер анықталды және ұсталды. Аталған деректер бойынша, ҚР ҚК 274 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Серік ҮПИЕВ.
Естеріңізде болса, кеше әлеуметтік желі арқылы «Алматыда 70 адам коронавирус жұқтырды» деген мына видео желдей есіп кеткен болатын. Оны түсірген Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы орталық ауруханасының гинеколог-дәрігері. Видео авторының айтуынша, ол ешқандай да жаман оймен жазбаған. Тек уатсап желісі арқылы сыныптастарымен әзілдеспек болыпты. Енді ұсталған істеген әрекеті үшін өкінетінін және барша қазақстандықтан кешірім сұрайтындығын жеткізді.
«Достарыма әзілдеген болатынмын. Ақиқатында, Қазақстанда соның ішінде Алматыда корновирусты жұқтырған адам жоқ. Барлықтарыңыздан шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаным үшін кешірім сұраймын. Мен ол видеоның осылай ел арасына тарап, халықтың үрейін ұшырады деп ойлаған жоқпын. Тек, сыныптастарыма жолдағана әзіл-қалжың видео болатын», - деді Еңбекші қазақ аудандық орталық ауруханасының гинеколог-дәрігері Думан АЙТЖАНОВ.