Алматыда карантинге байланысты адамдар көп баратын орындардың барлығы жабылып, алдын алу шаралары қатаң жүргізілуде, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі.
Қала тұрғындарын жұқпалы індеттен аман сақтау үшін ірі сауда орындары, азық-түлік сатпайтын орталықтар, кафелер, жәрмеңкелер мен базарлар жабылған болатын. Енді қала әкімдігі шаһардағы барлық парктер мен саябақтарды жабу қажеттігі туралы шешім қабылдады.
Коорнавирустың бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 21 наурызында Алматы қаласындағы барлық ұлттық саябақтар уақытша жабылған болатын. Дейтұрғанмен, қала тұрғындары көп серуендейтін Тұңғыш Президент саябағы жабық болғанымен, саябақ сыртында серуендеп жүрген алматылықтар аз емес. Бұған дейін де қала басшылығы тұрғындарға адамдар көп шоғырланатын жерлерге бармау қажеттігін ескерткен болатын.
Тұрғындар күнделікті келетін бұл саябақтың есігі қазіргі уақытта қара құлыппен жабылған. Ішіне кіре алмаған алматылықтардың кейбірі саябақтардың жабылғаны туралы естімеген болса, басқалары біле тұра таза ауамен тыныстау үшін серуенге шыққан. Бірақ, қауіптің алдын алу мақсатында әкімдіктің жасап жатқан бұл шараларын тұрғындар жөн санайды.
БЛИЦ:
– Иә, бұл жерге өзіміздің отбасымызбен қыдырып келгенбіз.
– Енді далада жүргеннен кейін қорықпаймыз.
– Серуендеп осы саябаққа келдік.
– Президент паркі жабық тұр. Адам көп болмаса да, серуендеп жүрген бар.
– Ең бастысы сақтанып шықтық. Арнайы бетпердемізді тағып сақтанып жүрміз.
– Ешқандай қорқыныш жоқ.
– Наверное власти борятся с инфекцией таким образом.
– Парк этот большой, мы думали приедем, подальше погуляем.
– Он не такой маленький. Поэтому пришли прогулятся, но парк закрыт.
– Қалаға карантин енгізгені дұрыс деп ойлаймын.
– Өйткені бұл жерге адам көп жиналып, кептеліс болады.
– Сол үшін парктің жабылғаны өте дұрыс. Дегенмен жабылғанына қарамастан халық келіп жүр.
Карантин уақытында Тұңғыш Президент паркінен өзге, 28 Панфиловшылар атындағы саябақ, Отбасылық парк, Ботаникалық және Хайуанаттар бағы, Қиял әлемі саябағы, Атакент және Южный парктері жабылған. Әр ауданда орналасқан кішігірім саябақтарда адам аяғы сейілген. Ал, Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс паркінің кіреберіс бөлігінде «карантин» деген жазу мен қақпаның жабық тұрғанын байқауға болады.
БЛИЦ:
– Бұл саябақтың негізгі кіретін қақпасы бар. Олар жабық болса, жабық шығар.
– Бірақ біз үйдің қасында өтетін жер бар. Ол жер ашық тұр.
– Біз сол жерден емін-еркін өттік.
– А я зашел как обычно, где заезжают машины на парковку.
– Там никого из охраны не было. Поэтому я зашел.
– Я даже не знал что все парки закрыты.
Дегенмен, әкімдіктің мәлімдемесінен кейін қаладағы барлық парктер мен саябақтар дереу жабылған. Бұған дейін Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көк-Төбе, сондай-ақ, ішкі туризм бойынша экскурсияларды жүзеге асыратын туристік ұйымдардың қызметі COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы тұрақтағанға дейін уақытша тоқтатылған болатын. Осындай қиын-қыстау кезеңде өзі үшін және қоғам алдында жауапкершілікті сезінетін әрбір алматылық тазалық шараларын қатаң сақтанып, басқаларға вирусты жұқтырмас үшін үйде отырғаны абзал.
Аяулым Көлжігіт, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы