"Алматының тау бөктерінде тағы өрт тұтанды": бір адамның мәйіті табылды
Фото zakon.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Көктөбе бөктерінде болған өрттің төменгі тұсында тағы бір ошақ тұтанды. Құтқарушылар бір адамның мәйітін тапты. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта бірінші өрттен төменгі жақта, Диваев көшесі бойымен шатқал арқылы өткенде 21-үйге қарсы бетте, шамамен 1 мың шаршы метр аумақта құрғақ шөптің өртенуінің екінші жағдайы тіркелді. Тілсіз жаумен күрес барысында белгісіз адамның денесі табылды. Оның жынысы мен тұлғасы анықталуда. Жұмыстар жерден жүргізілуде. Себебі түнгі уақытта авиация жұмыс істей алмайды», - деп жазды ол Facebook-та.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Алматыда екі күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің 76 пайызы жауды
11.11.2026 21:48