Жүргізушілерден өз бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз
Қазақстан полициясы күніне арналған «Полиция – Ел қорғаны» фестиваліне байланысты 27 маусым күні сағат 19:00-ден 23:00-ге дейін Республика сарайына іргелес аумақта көлік қозғалысына жартылай шектеу қойылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шектеулер қолданылады:
Фестивальге келген қонақтардың санын ескере отырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысы реттелмек.
Жүргізушілерден өз бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Бұл күнді бізбен бірге – полиция қызметкерлері, азаматтар және Заң тәртібіне қызмет ететіндермен өткізіңіз!
Отбасыңызбен келіңіз – Сіз технология демонстрациясын, дрон шоуын, қазақстандық жұлдыздардың өнерін және нағыз қауіпсіздік мерекесін тамашалайсыз!
Оқи отырыңыз: 600 тонна қорғасын мен 100 тонна алюминий құймаларын шетел асырмақ болғандар ұсталды