Жүретін бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз
Дулати көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
8 шілдеде сағат 22:00-ден 9 шілдеде сағат 06:00-ге дейін «Қазселқорғау» ғимараты маңындағы көпірден бастап «Ұлытау» мейрамханасына дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.
9 шілдеде сағат 22:00-ден 10 шілдеде сағат 06:00-ге дейін «Ұлытау» мейрамханасынан бастап «Тілек Тас» мейрамхана кешеніне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.
Жөндеу жүріп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметі көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Осыған байланысты, маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.
Оқи отырыңыз: Алматыда Яссауи көшесіндегі көлік қозғалысы уақытша шектеледі