Тұрғындар мен автокөлік жүргізушілерінен уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз
Алматы қаласы Әуезов ауданында Яссауи көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Достық шағынауданының аумағында су құбыры мен кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуына байланысты 2025 жылғы 9 шілде мен 30 тамыз аралығында Яссауи көшесі кезең-кезеңімен толық шектеледі:

Инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жердің тығыз тасты құрылымына байланысты ашық әдіспен жүргізіледі. Бұл көлденең бағытта бұрғылау (КББ) әдісін қолдануға мүмкіндік бермейді.

Тұрғындар мен автокөлік жүргізушілерінен уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда қаламгер Нұрмахан Оразбек тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды