Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады
Алматыда Первомайская нефтебаза көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
1 қараша сағат 05:00-ден 2 қараша сағат 08:00-ге дейін Солтүстік айналма тас жолынан Royal Petrol жанармай құю станциясына дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады.
Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
Еске салайық, жол қозғалысын шектеу туралы толық ақпаратты @AlmatyJoly Telegram арнасынан, әкімдіктің әлеуметтік желілерінен, 2GIS және «Яндекс карталары» сервистерінен білуге болады.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы мектеп автобустары: балалар тасымалы мен олардың қауіпсіздігі қалай ұйымдастырылған