Алматыда Пушкин көшесінің бір бөлігі жабылады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Аталған шектеу шаралары Алматы қаласы Полиция департаменті мен Қалалық мобилділік басқармасымен келісілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы Райымбек батыр даңғылынан Гоголь көшесіне дейінгі Пушкин көшесі бойында аумақты қайта жаңғырту жобасының басталғаны жөнінде мәлімдейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылы 31 шілдеден бастап құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты Пушкин көшесінің шығыс жағындағы (Райымбек батыр даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін) көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Жаңғырту аяқталғаннан кейін бұл бөлік жаяу жүргіншілерге арналған аллеяға айналып, көлік қозғалысы үшін біржола жабылады.

Құрылыс уақытында көлік қозғалысы Пушкин көшесінің батыс жағында оңтүстік бағытта біржақты тәртіпте ұйымдастырылады.

Аталған шектеу шаралары Алматы қаласы Полиция департаменті мен Қалалық мобилділік басқармасымен келісілген.

Оқи отырыңыз: Қосшыда әйел енесінің жүзігін ломбардқа өткізіп, жалған ұрлық ұйымдастырды

Новости партнеров