Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігінде бір түнге қозғалыс шектеледі

Almaty.tv
Almaty.tv

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз

5 шілде сағат 23:00 бастап 6 шілде күні сағат 08:00 дейін Алматыда Райымбек даңғылының бойымен Ахрименко көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін екі бағытта автокөлік қозғалысы жартылай шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Уақытша шектеу жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында, 1983 жылы пайдалануға берілген магистральдық құбыржол учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында,  @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. 

Оқи отырыңыз: Алматыда қоқыс шығартын компанияға 50 жаңа техника берілді

Новости партнеров