Алматыда Жансүгіров көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

elements.envato.com
elements.envato.com

Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жансүгіров көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

1-УЧАСКЕ: 8 қазан сағат 23:00-ден 10 қазан сағат 11:00-ге дейін Ақпаев көшесінен Крамской көшесіне дейінгі аумақта қозғалыс жабылады. Бұл бөлікті Рысқұлов және Сейфуллин даңғылдары арқылы айналып өтуге болады. 

2-УЧАСКЕ: 9 қазан сағат 23:00-ден 11 қазан сағат 11:00-ге дейін Крамской көшесінен Тихов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдары және Кассин көшесі арқылы айналып өтуге болады. 

3-УЧАСКЕ: 10 қазан сағат 23:00-ден 12 қазан сағат 11:00-ге дейін Тихов көшесінен Котельников көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдары және Рудаки көшесі арқылы айналып өтуге болады.

4-УЧАСКЕ: 11 қазан сағат 23:00-ден 13 қазан сағат 11:00-ге дейін Котельников көшесінен Жұмабаев көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдары және Кассин, Котельников көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желісінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервисінде жарияланған.

Оқи отырыңыз: Алматыда 57 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды

Новости партнеров