Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Talal elmountassir/unsplash.com/
Talal elmountassir/unsplash.com/

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған тақта қойылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Желтоқсан көшесінде BRT жобасын жүзеге асыру аясында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

28 маусым күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Бөгенбай батыр көшесінен Жібек Жолы көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Наурызбай батыр көшесі және Абылай хан даңғылы бойымен айналып өтуге болады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған тақта қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысқа шектеу қою жөніндегі толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде және 2GIS және «Яндекс карталарында» жарияланған.

Оқи отырыңыз: 27 маусым күні кешке Алматы қаласының орталығы жартылай жабылады

Новости партнеров