Шешім көлік жағдайына жүргізілген талдау нәтижелері мен тұрғындардың өтініші ескеріле отырып қабылданды
Алматыдағы Қарасай батыр және Құлымбетов көшелерінде біржақты қозғалыстың пилоттық схемасы іске қосылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Алматының Алмалы ауданындағы бірнеше көшеде 30 маусымнан бастап жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасы өзгереді. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады.
Жаңа схемаға сәйкес біржақты қозғалыс мына учаскелерде енгізіледі:
Өзгерістер Алматы қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылады. Бұл шаралар көлік қозғалысын жеңілдетуге, көлік жүктемесін азайтуға және жолдағы қауіпті жағдайларды азайтуға бағытталған.
Шешім көлік жағдайына жүргізілген талдау нәтижелері мен тұрғындардың өтініші ескеріле отырып қабылданды. Жаңа схема көлік қозғалысын реттеуге және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік бермек.
Біржақты қозғалыс пилоттық режимде енгізіледі. Мониторинг пен қабылданған шаралардың тиімділігі бағаланғаннан кейін осы учаскедегі жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты қосымша шешімдер қабылданады.
Оқи отырыңыз: Таиланд медицина қызметкерлері алматылық әріптестерінің тәжірибесін зерттеді