Қазақстанда автомагистраль жолдарымен қалай дұрыс және қауіпсіз қозғалуға болады

ҚазАвтоЖол
ҚазАвтоЖол

Автомагистральдарда көлік жүргізіп үйренуге рұқсат етілмейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Автомагистральдар - жоғары жылдамдықпен жүруге арналған жолдар. Мұндай трассаларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларында (ЖЖҚ) жалпы жолдардан өзгеше арнайы талаптар көзделген. Almaty.tv автомагистральда қозғалу кезінде тыйым салынатын жағдайлар мен жүргізушінің міндеттеріне тоқталды.

Автомагистральда неге тыйым салынады?
1. Жаяу жүргіншілер мен жануарларға
Автомагистральда көліктен тыс жүруге болмайды. Бұл ереже жаяу жүргіншілерге де, үй жануарларына да қатысты.
2. Баяу қозғалатын көлік құралдарына
Келесі көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынады:
• велосипедтерге;
• мопедтерге;
• тракторларға;
• өздігінен жүретін машиналарға;
• техникалық сипаттамасына немесе жай-күйіне байланысты жылдамдығы 40 км/сағ-тан төмен басқа да көліктерге.
3. Жүк көліктеріне
Салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк көліктеріне екінші жолақтан әрі шығып, қозғалуға (яғни 3-ші және одан кейінгі жолақтармен жүру) тыйым салынады.
4. Арнайы тұрақтардан тыс тоқтауға
Тоқтауға тек жол белгілерімен белгіленген тұраққа арналған арнайы алаңдарда (5.15 немесе 6.11 белгілерімен) ғана рұқсат етіледі. Бұл жерлерден тыс тоқтауға қатаң түрде тыйым салынған.
5. Бұрылыстар мен технологиялық айырымдар
Автомагистральдарда жолды бөліп тұрған тосқауылдардың технологиялық айырымдарында кері бұрылуға және оған кіруге тыйым салынады.
6. Артқа қарай қозғалуға
Автомагистральдарда кері бағытта (артқа) жүруге қатаң тыйым салынады.

7. Көлік жүргізіп үйренуге
Автомагистральдарда көлік жүргізіп үйренуге рұқсат етілмейді.

Мәжбүрлі тоқтаған жағдайда не істеу керек?
Егер көлік бұзылып қалса немесе басқа да төтенше жағдай орын алса:
• Көлік құралын ЖЖҚ-ның 7 бөліміне сәйкес белгілеңіз (мысалы, авариялық шаммен немесе апаттық тоқтау белгісімен).
• Көлікті жол жиегіне немесе шеткі жолаққа шығарыңыз, яғни жүру бөлігінің шетін білдіретін сызықтың сырт жағына.

Бұл ережелер тағы қайда қолданылады?
Аталған талаптар тек автомагистральдарда ғана емес, 5.3 «Автомагистраль» жол белгісімен белгіленген барлық жолдарға қатысты қолданылады.

 Жүргізушілерге кеңес
Автомагистральға шықпас бұрын:
• Көліктің техникалық жай-күйін тексеріңіз;
• Қозғалыс жылдамдығыңыз кемінде 40 км/сағ болатынына көз жеткізіңіз;
• Жол белгілері мен сызықтарын мұқият қарап шығыңыз;
• Егер сіз жүк көлігін жүргізіп келе жатсаңыз, жолақ тәртібін міндетті түрде сақтаңыз.

Оқи отырыңыз: Балалармен қауіпсіз сапар: нені білу қажет

Новости партнеров