Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Almaty.tv
Almaty.tv

Шектеу Әуезов көшесіне де қамтиды, «Атакент» аумағына кіреберіс уақытша жабылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылы 29 сәуір сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін Розыбакиев көшесінің Байқадамов көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі бөлігінде екі бағытта да автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Сонымен қатар шектеу Әуезов көшесіне де қамтиды — «Атакент» аумағына кіреберіс (Тимирязев көшесіне параллель бағытта) уақытша жабылады.

Шектеу 10 кВ кернеулі кабель желісінің екі өткелін ашық тәсілмен жүргізу жұмыстарына байланысты енгізіледі. Бұл жұмыстар «ПС-6А, ПС-168А қосалқы станцияларында 6 кВ желілерді 10 кВ-қа ауыстыру» жобасының (2-кезең) аясында жүзеге асырылуда.

Жөндеу жұмыстарын «SARYARKA-MS» ЖШС мердігер ұйымы жүргізеді. Жоба Алматы қаласының тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз етудің сенімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды.

Оқи отырыңыз: Базардағы бәсеке: Алматыда жастар арасында ұлттық спорт фестивалі өтті

Новости партнеров