«Қазақстан халқы үлкен тарихи таңдаудың алдында тұр». Осылай деген зиялы қауым өкілдері референдумға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ата заңға өзгерістер мен толықтырулардың енуі елдің тұрмыс-жағдайын түбегейлі өзгертуі әбден мүмкін.
«Біз президентімізді де, Ата заңды да қолдау керекпіз. Референдум халық үшін қажет. Референдум – бүкіл халықтың пікірі. Сондықтан да оның меніңше жеке бабына немесе жеке тарауына дауыс берудің қажеті жоқ. Тұтас дауыс беру керек», – деді М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Нұрдәулет Ақыш.
«Халықтың мұқтаждығы, халықтың тұрмысы, жағдайы жақсару керек. Сондықтан Ата заң соған кепіл болуы керек. Ең бастысы – Ата заңды дұрыс қабылдау. Халықтың пікірін, талабын ескеріп дұрыс Ата заң қабылданса, меніңше, тірлік те дұрыс болады», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист Қали Сәрсенбай.