Қазақстан референдум өткізуге толық дайын - сайлау комиссиясы

© Sputnik / Абзал Калиев
© Sputnik / Абзал Калиев
Бюллетеньдер учаскелерге жеткізіліп, сақталуы қамтамасыз етілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық сайлау комиссиясы Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізуге дайын, бүкілхалықтық дауыс беруді ұйымдастырудың барлық қажетті рәсімі аяқталды.

Бұл туралы отырыста Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы және басқа да уәкілетті органдар халықты референдум туралы хабардар ету үшін "қажеттінің бәрін жасады". Азаматтардың сайлаушылар тізімінде өзін табуға және қай учаскеде дауыс бере алатынын білуіне мүмкіндік жасалған.

Референдумға шығарылатын Конституцияға түзетулер Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалар жоспарын орындау үшін әзірленді. Әбдіров түзетулер "суперпрезиденттік" басқару формасынан күшті парламенті мен есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға көшуді бекітуге арналғанын атап өтті.

Мұндай талаптар комиссияның, есеп комитетінің төрағалары мен мүшелеріне, өңірлердің басшылары мен олардың орынбасарларына қолданылады. Түзетулер сондай-ақ мемлекет басшысының жақын туыстарының мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда басшы лауазымдарға орналасуына тыйым салуды көздейді.

Бірқатар түзету азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтауға, соның ішінде Конституциялық сот құруға, омбудсмен мәртебесін конституциялық деңгейде бекітуге және өлім жазасына толықтай тыйым салуға бағытталған.

Сондай-ақ, жаңартылған Конституцияда елдің тұңғыш президентінің мәртебесі мен өкілеттігі туралы айтылмайды.

Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум 5 маусымда өтеді.

Бұған дейін Бас прокуратура өкілі референдумға дайындық кезінде заңбұзушылық болмағанын хабарлады.

Дереккөз: sputnik.kz

Новости партнеров