Тәуелсіз бақылаушылар келген адам санын есептейді
Кез-келген саяси процесс тәуелсіз бақылаушыларсыз өтпейді. Ол ашық әрі әділ өтуіне мүмкіндік береді, - дейді «Жас бақылаушылар» тобының жетекшісі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олар учаскелерде заңсыздықтардың болмауын қадағалап, келушілердің санын есептеп отырады. Айта кеткен жөн, еліміз бойынша дауыс беруге құқылы 12 миллионға жуық азамат бар екен. Кәмелет жасына толған кез келген Қазақстан азаматы өзінің мекенжай анықтамасы арқылы ерікті түрде таңдауын жасай алады.
«Бұл сайлау емес референдум болғандықтан дауыс бұрмалаушылық болмайды. Бір кандитаттан екіншіге тартып кету деген жоқ. Конситуциялық өзгеріс. Бақылаушылар неше адам келді, соны есептейді», – деді «Жас бақылаушылар» тобының жетекшісі Нұргелді Әбдіғаниұлы.