«Қазақстан референдум өткізуге сақадай сай»: Халықаралық ұйымдар ұйымдастыру ісіне жоғары баға берді

31.05.2022 21:14

Бақылаушылар ешқандай мәселе жоқтығын айтады

Almaty.tv

«Қазақстан референдум өткізуге сақадай сай».  Халықаралық ұйымдар ұйымдастыру ісіне жоғары баға берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бақылаушылар ешқандай мәселе жоқтығын айтады. Ал Орталық сайлау комиссиясының мүшелерінің референдумда әрбір қазақстандық өзінің азаматтық ұстанымын білдіру арқылы Жаңа Қазақстанды құруға қосқан нақты үлесін көрсетеді.

«Қабылданған қағидаларда мыналар қарастырылған: Республикалық референдум өткізу кезінде дауыс беруге арналған учаскеге өкілдерді жіберетін қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тіркелуге тиіс», – деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.