«AMANAT» партиясы Алматы қалалық штабының мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Райхан Бөлекбаева референдум нәтижесі туралы өз пікірін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол Қасым-Жомарт Тоқаев Референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына үндеу жасап өз ризашылығын бiлдiрдi деп атап өтті:
"Конституциялық реформалар, бүгінгі күннің талабына сай болуы қажет екендігі туралы түсіндіру жұмыстарына менде атсалысып, көптеген халықпен кездестiк. Елiмiздiң болашағы жарқын болуы - өз қолымызда, деген патриоттық пiкiрлер естiдiк. Жәнеде, өзгерістерге сенбейтiн адамдардың да үнiне құлақ салдық. Референдум өтті, нәтижесінде - болашақты өзгертуге жол ашылды! Жаңғыру жолы, "қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесі түбiрiмен" жаңғыру бағыттар ашылды. Конституцияға өзгерістер енгізіліп, басқада заңнамаға реформа жүреді. Әрине, жаңа бағытпен дамуымыздың негізгі қозғаушы күші - еңбек, бiлiм және азаматтық белсенділік. "Конституция негізінде биліктiң барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделiн қалыптастырамыз" - деді Президент.
Мен, жаңа Қазақстанның болашағы жарқын, ашық болуына сенемін! Заңдар реттелiп, бiр-бiрiне қарама-қайшылық тудырмаса, қоғамдық қозғалысы реттеледі. Барлығы өз қолымызда - алға ұмтылайық, атсалысайық. Күшiмiз - бiрлiкте!", - деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Райхан Бөлекбаева.