Референдумға дейін:
9
күн
6
сағат
44
минут

Әлібек Дінішев халыққа үндеу жасады

Фото: пресс-служба РСК Алматы
Фото: пресс-служба РСК Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының халық әртісі, белгілі опера әншісі Әлібек Дінішев халықты алдағы референдумға қатысуға шақырып, үндеу жасады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Оның айтуынша, референдум Қазақстанның алдағы жылдардағы даму бағытын айқындайтын ел өміріндегі ең маңызды оқиға болмақшы. 

Әлібек Дінішев Қазақстанның болашағы әр адамның азаматтық ұстанымына байланысты екенін атап өтті.

«Құрметті қазақстандықтар, 15 наурызда еліміздің өміріндегі маңызды оқиға – еліміздің алдағы жылдардағы дамуын айқындайтын жалпыхалықтық референдум өтеді. Баршаңызды 15 наурыз күні келіп,  таңдау жасауға шақырамын», — деді халық әртісі.

Мәдениет қайраткерінің пікірінше, әр азамат референдумға қатысу арқылы мемлекеттің болашағына үлес қосуға мүмкіндік алады. 
Референдум демократиялық қағидаттарды нығайтып, Қазақстанның әрі қарай даму бағытын айқындайтын таихи оқиға болмақ.

Оқи отырыңыз: ”Менің дауысым ештеңе шешпейді деп ойламаңыздар”: Рамазан Амантай Алматы жастарына әуенді үндеу жасады

Новости партнеров