Ертең — тыныштық күні: 15 наурызда жаңа Конституция бойынша референдум өтеді

Almaty.tv
Almaty.tv

14 наурызда үгіт-насихат жасауға тыйым салынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ертең — тыныштық күні, 15 наурызда жаңа Конституция бойынша референдум өтетінін алматылықтардың тағы бір мәрте есіне салды, деп хабарлайды Almaty.tv Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша референдум өтеді.

14 наурыз — тыныштық күні, бұл күні үгіт-насихат жасауға тыйым салынады. 

Бұған дейін жаңа Конституция жобасын бизнес, медицина, білім беру, ғылым, мәдениет пен өнер, қаржы секторы, сондай-ақ еңбек адамдары мен қоғам қайраткерлері сияқты әртүрлі саланың өкілдері қолдаған болатын. 

15 наурызда әркім өзінше таңдау жасап, маңызды оқиғаға атсалыса алады.

Оқи отырыңыз: 13 наурызда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Новости партнеров