Бүгін қалалық коалиция мүшелері шаһардағы мемлекеттік мұрағат қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында алдағы референдумның мазмұны мен маңызы түсіндіріліп, конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Мамандар коалиция мүшелеріне өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Айта кетейік, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» қалалық коалициясының құрамында 200-ге жуық өкіл бар. Олар күнделікті қаланың әр ауданында ақпараттандыру жұмысын жүргізеді.
«Тек Конституция емес, еліміздің әлеуметтік аумағына байланысты сұрақтарға жауап беріп жатырмыз. Әрине, 15 наурызда бекітілген референдумға барлық ұжымды қатысуға шақырамыз. Әр адамның – азаматтық борышы деп санаймыз», – деді халықтық коалиция штабының мүшесі Ернар Биіков.
«Бұл шара әлі де жалғасады. Күніне жоқ дегенде 3 мекемеге барып үлгеруге тиіспіз. Халық толық түсініп, білгенше уақыт керек. Референдумға дейін бізде әлі уақыт бар. Әр азамат атсалысуға міндетті деп ойлаймын», – деді халықтық коалиция штабының мүшесі ботакөз Тұрсынова.
Оқи отырыңыз: Халық қалаулылары көпшілікті жаңа Конституция жобасының мәтінімен толық оқуға шақырды