Референдумға дейін:
24
күн
22
сағат
15
минут

Халық қалаулылары көпшілікті жаңа Конституция жобасының мәтінімен толық оқуға шақырды

Республикалық референдумға 27 күн қалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа Конституция жобасына енгізілген «Миранда қағидасы» азаматтарды қысымнан қорғап, тергеудің әділ әрі ашық өтуіне жол ашады. Астанада өткен «Референдум-2026» онлайн-марафонында сарапшылар осылай деді. Аталған норма бойынша күдікті ұсталған сәттен бастап оның құқығы міндетті түрде түсіндіріліп, адвокат көмегіне жүгіну мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс, деп хабарлайды Almaty.tv.

1966 жылы АҚШ-та Эрнесто Миранданың есімімен аталатын ереже пайда болады. Ол Аризона штатында тонау және зорлау күдігімен қамалады. Полиция азаматтан адвокатсыз және құқығын түсіндірмей жауап алған. Нәтижесінде Миранда қылмысын мойындаған. Іс АҚШ-тың Жоғарғы сотына жетіп, сот оның құқығы бұзылған деп таниды. Сол шешімнен кейін полицияға айыпталушының құқығын міндетті түрде түсіндіруі тиіс деген талап енгізілген. Қазақстанда бұл ереже 2015 жылдан бері Қылмыстық-процестік кодексте бар. Енді жаңа Ата заңның жобасына енгізіліп отыр.

«Міндетті түрде өзінің аудармашысы және адвокаттың қатысуымен оған қайтадан түсіндіру керек. Түсінгені туралы ол міндетті түрде «мен түсіндім өз құқығымды, мен білемін» деп жауап беруі керек. Егер де ол солай жауап беретін болса, өзінің түсінгені туралы онда ол ертең сотта, кез келген сотта, құқық қорғау органдары, прокурор «Сізге міндетіңіз, құқыңыыз түсіндірілді ме? Сіз өзіңізге қол қойып бердіңіз бе?» деп сқрайды. Сол кезде ол өзіне жауапты болады», – деді заңгер Айжамал Мыңжасар.

Жобаның 30-бабында мемлекет отбасы мен бала құқығын қорғауды күшейтетіні туралы жазылған. Республикалық әкелер одағының өкілі жаңа құжатта баланы тәрбиелеу әкенің де, ананың да міндеті деп жазылғанын айтады.

«Әкелер одағының негізгі мақсаты – бала тәрбиесі. Бала тәрбиесі, отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ата Заңның жобасында отбасы институтының нығайтуына ықпал ететін баптар қарастырылған. Сол себепті біз ата-ана ретінде жалғыз әке деп бөлінбей аналарды да қоса айтқам келіп отыр. Ата-ананың осы жерде бірлесіп, ұрпағын тұлға қылып қалыптастыру үшін баптар қарастырылған», – деді республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бекдайыр Күзембай.

Ал саясаттанушы Қазбек Майгелдинов «референдум – халық пен билік арасындағы үздіксіз диалогтың құралы» деп санайды.

«Біз референдумды қайталантын процесс ретінде қарамауымыз керек. Өйткені, референдум әлемдік деңгейде қарайтын болсақ, бұл – делебративті демократия яғни, ақыл алу, кеңесі халықпен кеңесу демокартияның тікелей жолы. Бір ғана мысал айтайын. Швецарияның өзінде қазір әлемдік рекордсмен 689 рет референдум өткен. Бұл не деген сөз? Ол яғни, халық тек қана басшыларды сайламайды. Халық мемлекет өміріне маңызды Конституция болсын, соларды қабылдауға және өзгеріс жасауға тікелей атсалысады», – деді саясаттанушы Қазбек Майгелдинов.

.«Әр өзгерістің артында игі бастама тұр» деген депутат Анас Баққожаев халықты жаңа жобаның мәтінімен толығырақ танысуға шақырды. Ол 2022 жылы Конституцияға енгізілген толықтырулар арқылы жер қойнауы мен табиғи ресурстардың барлығы халыққа тиесілі деп нақты бекітілгенін еске салып, нәтижесінде балалар да ел байлығына үлес алатынын айтты.

«Ұлттық қор балаларға» деген бағдарлама басталды. Әр бала өзінің Қазақстан байлығынан, Ұлттық қордың бір еншісін ала алады. Бүгінгі төленіп жатқан азын-аулақ болса да ақша, ертең үлкен қомақты соммаға айналып жатса, елдің игілігіне жарайды», – деді  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев.

Республикалық референдумға 27 күн қалды. Осы аралықта сарапшылар, заңгерлер, депутаттар халыққа Конституциялық реформаның маңызын түсіндіру жұмыстарын жалғастыра бермек.

Аршат Әділжанқызы, Нұрлан Өтеген, Әлихан Өтеген, Астанадан

Оқи отырыңыз: Алматыда Конституциялық комиссия мүшелері білім беру саласының өкілдерімен кездесті

Новости партнеров