Алматыда коалиция мүшелері мұғалімдермен кездесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Осы ретте қалалық коалиция мүшелері қаладағы оқушылар сарайында болып, мекеме ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиын барысында заң жобасындағы негізгі өзгерістерге тоқталып, олардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге сеп болатыны атап өтті. Мұнымен қоса, құжатта бастауыш және негізгі орта білім міндетті саналатындығы жазылған. Ал бұл барлық азаматтар үшін қолжетімді және сапалы базалық білім беруді қамтамасыз етпек. Шара соңында қызметкерлер коалиция мүшелеріне  сұрақ қойып, ұсыныс-пікірін білдірді.

«Бірқатар сұрақ қойылды. Вице-президент институты, Халық кеңесі, сонымен қатар Парламенттік өзгерістер туралы сұрақтар болды. Түсіндірме жұмыстары жүргізіп, айттық», – деді халықтық коалиция штабының мүшесі  Ержан Медеуов.

Оқи отырыңыз: Ертең — тыныштық күні: 15 наурызда жаңа Конституция бойынша референдум өтеді

Новости партнеров